14.10.2019, 11:45

Әнші Сержанәлі Әлібектің өзінен 20 жас кіші жары неліктен жылады?

фото: reactor.inform.kz
Елдің бәрі шулап, неше түрлі әңгімелер айтты. «Өз әкесімен жасты адамға тұрмысқа шықты» деп сөкті.

Отандық танымал әнші Сержанәлі Әлібеков өзінен 20 жас кіші жарымен қалай танысқанын айтты. Өнер иесі сүйіктісі өзін қалай ғашық еткенін де жасырмай айтып берді деп жазады «Той жыры» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жеке өмірі жайлы аса көп айта бермейтін Сержанәлі бұл жолы жан сырын ақтарып, өмірлік махаббатын қалай кезіктіргенін еш бүкпесіз жеткізді.

«Қанша жылдан бері үйленем деген ниет болды ғой. Анамыз да, әкеміз де қалады, күтті. Біз енді өнер адамы болғаннан кейін тойлар мен концерттерде көп жүреміз. Сол бір тойда, бір қуанышта таныстық. Қаншама жылдан бері армандаған аруым. Ақбаян да Алматыға өнер қуып, әнші боламын деп келген.

Тойға дуэт жазамын деп келген ғой. Өзінің бір таныстарымен. Сол тойда кездейсоқ, ойламаған жерден танысып қалдық. Сол ойламаған жерден жүрекке найза қадалды ғой. Анама қарасам, Ақбаянды көргендей боламын. Түрі де ұқсайды, шынымды айтсам» , - деді әнші.

Оған қоса, Сержанәлі Әлібековтың жары үйлену тойынан кейін шыққан мақалаларды көріп, жылап жібергенін жайып салды.

«Жасына аса мән бермедім. Кедергісін де келтірмейді. Жас көрінеді ғой өзі. Тойдан кейін сондай жаңалықтар шықты. Елдің бәрі шулап, неше түрлі әңгімелер айтты. «Өз әкесімен жасты адамға тұрмысқа шықты» деп сөкті. Бірақ, менің тарапымнан ешкім қарсы болған жоқ.

Тойдан кейін сондай түрлі әңгімелер шыққан соң, біраз ренжіп жылап алғаным бар» , - деді әншінің әйелі.