Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев Нұр-Сұлтан қаласынан сол қолымен дәрет алуды үйрететін балабақша іздеуде. Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды. Ақын бұл жайлы өзінің инстаграм парақшасында жариялаған.
Тәрбие - тал бесіктен. Естімеген елде көп. Видеода көрсетілгендей, Қытай еліндегі балабақшаларда арнайы әжетханаға барудағы қажеттіліктер үшін арнайы сабақ өтіледі екен. Балғынбек мырза Салиха есімді қызына сол қолмен дәрет алуды үйрететін балабақша үшін алаңдады. Естімеген елде көп, Есек мінген сартта көп, - деуші еді. Қытай балабақшасында көтен сүрту сабағы. ??? Бала, бала, балапан, Қане, қайсы алақан? - деген ән бар еді ғой. Соның қытайский нұсқасы: *** Бөпе, бөпе, бөпешім, Қане қайсы көтешің? Қағазбенен әйбәт, Сүртесіңдер жәйлап. *** Топ-топ, топ-топ басайық, Шардан көтен жасайық. Қағазды бір бүркейік, Қайта-қайта сүртейік!
Ең қызығы балалар не деген тәртіпті? Біздің бала да, бақша да басқа ғой. Салиха қызымды балабақшаға берсем деп едім. Қандай кеңес бересіздер? Нұрсұлтанда қызым орысша шүлдірлеп кетпейтін, дәретті сол қолымен сумен алуды үйрететін қандай балабақша бар? Кім біледі?