$ 449.3  489.69  4.89

«Дипломды 135 мыңға сатып алдым»: «Қалаулым» қатысушысы өз былығын жайып салды

Барлық мұғалімдердің көзінше дипломдық жұмысымды қоқысқа тастай салдым.
фото: caravan.kz
фото: caravan.kz

«Қалаулым» жобасының қатысушысы Сұлуфан Самат дипломды сатып алғанын жария етті. Бұл туралы ол Шахкерім Кәрменовке берген сұхбатында айтты.

«Дипломды қайта-қайта ашып, жауып жүрген кезде ішінде басқа бір қыздардың тақырыбы кіріп кеткен, бір дипломның ішінде үш тақырып жүр. Дипломды өзім жазған жоқпын, ақшаға жаздыртып алғанмын. Неге екенін білмеймін, бір кісіге жазып беріңізші дедім. Ол кісі менен басқа менімен бірге оқитын 5-6 студенттің жұмыстарын алған екен. Мен оны қайтадан 15 мыңға түзеттірдім, дипломды қорғап жатқан жерімде «дипломыңды ашып қарадың ба?» деген сұраққа «иә, қарадым» деп жауап бердім.

Ол жерде барлық студенттер, профессорлар, мұғалімдер отырған еді. Ішін ашып-жауып жүріп, оған тіпті мән бермеген едім, ештеңе айта алмай қалдым. Барлық мұғалімдердің көзінше дипломдық жұмысымды қоқысқа тастай салдым. Дипломымды жазып берген адамға қайта хабарластым, сол күні 5-ке таман қайта жөндеп жіберді. Келесі күні дипломдық жұмысымды бердім, бірақ, қорғаған жоқпын. Дегенмен де дипломым қолыма тиді», - деп жауап берді ол.

Дереккөз: caravan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары