$ 449.3  489.69  4.89

«Ешқандай ұяты жоқ»: әнші Нұрболат Абдуллин тосын әрекетімен көпшілікті таңғалдырды (ВИДЕО)

«Біздің де шарбақты келіп сыпырып кетші», «Ұлық болсаң кішік бол».
фото: musicprime.kz
фото: musicprime.kz

Күз маусымы келгенде табиғатқа жанашырлық сезімі оянып кетті ме, кім білсін, әнші Нұрболат Абдуллин көшеге сыпырғысын ала шықты. 

Әнші көшеде сарғайып жерге түскен жапырақтарды сыпырып жүрген видеосын Instagram-парақшасына жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Әншінің тосын әрекетін видеодан көрген желі белсенділері таңдасынын жасырмады. Олар түрлі пікірлерін  қалдырып, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

«График? Зарплата?», «Пысыққой мынау», «Еңбектің ешқандай ұяты жоқ. Қимылдаған өзіне жақсы, тазалығы қалаға жақсы, жарайсың, нағыз жігіт екенсің», «Біздің де шарбақты келіп сыпырып кетші», «Ұлық болсаң кішік бол»,  «Мынау қай көшенің бойында? Қыздар жүгіріңдер сыпыртқыларыңды алып», Сенбілікке шыңтыңыз ба?»,«Сізді адам менсінбейтін деп ойлап жүрсем... Қате ойым үшін кешірім сұраймын!», «Зарплата қанша екен?», - деп шуласты желі қолданушылар.

Сонымен қатар, Нұрболат Абдуллиннің жеке өмірінен, әлеуметтік жағдайынан хабары барын көрсеткісі келген @erhandek аккаунт иесінің сөзі көзге шоқтай басылды.

«Өз ауласын тазалап жатқан болар... осы бір-екі айдың ғана көлемі болды ғой Нұрболаттың жалдамалы пәтерден шығып, көпқабатты үйлердің бірінен жеке өз пәтерін алғанына...», - деп пікір қалдырды ол жазба астына.

Мұнан бөлек, желі белсенділерінің әншінің ізгі ісіне ризашылықтарын білдіріп,  бас бармақтарын көрсетулері толастар емес. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары