$ 449.3  489.69  4.89

«91 тобы жақында тарайды екен»: журналистің қойған сұрағына топ мүшесі «жігітше» жауап берді (ВИДЕО)

Журналистің қойған сұрақтары ұнамады ма, әлде өзі ме, неге екені белгісіз, топтың бір мүшесі: "Өзің жігітше деген сөздің не екенін білесің бе" деп, сұхбат алып тұрған тілшінің алдын кесіп, мінез танытып, кадрда оның бетін жауып тастады.

Oybay Show бағдарламасының жүргізушісі Мұхит Сапарбаев 91 тобынан сұхбат аламын деп қаһарына ұшырады, деп жазады Zakon.kz.

Журналистің қойған сұрақтары ұнамады ма, әлде өзі ме, неге екені белгісіз, топтың бір мүшесі: "Өзін жігітше деген сөздің не екенін білесің бе" деп, сұхбат алып тұрған тілшінің алдын кесіп, мінез танытып, кадрда оның бетін жауып тастады.

Сұхбаттың өзі емес, бірақ осы арасы желідегі 91 тобының жанкүйерлерінің қызу талқысына түсіп жатыр. Желідегілердің көбісі: "Ейзи, Заг дұрыс істеді, әйтпесе журналист бір сұрағын мың қайталап, әлі езіп тұра берер түрі бар" деп қолдау білдірді.

Ал өзіне мінез көрсеткен әншілерден журналист: "91-тобы жақында тарайды екен" деген сыбысқа қатысты олардың пікірін білмек болған. Дегенмен наразылыққа ұшыраса да ол бұл сауалына жауап ала алды.

"91 тобының әндері барлық жерге тарап жатыр, бірақ топтың өзі тарамайды. Жеке соло ретінде бөлініп ән айтуымыз мүмкін, бірақ оның топқа еш қатысы жоқ. Топтың ғұмыры өміршең. Бұл сыбыс қазір басқа топ өз қатарына қосымша адамдар алып жатыр, сонымен байланысты шыққан шығар. Оның бізге түк қатысы жоқ", - деді топ көшбасшысы.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ninety One #91 тобы