Танымал әнші, халық әртісі Роза Рымбаева Астана арнасындағы «Оңай емес» бағдарламасына қонаққа келді. Өнер иесінің сұхбат барысында өзінің бүгінде дейін әйел ретінде бақытсыз екенін ашып айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Роза Рымбаева бағдарламаға берген сұхбаты кезінде жүргізушінің сұрағына жауап бере отырып, өзінің бақытсыз әйел екенін алға тартты.
«Мен әйел ретінде бақытсызбын. Бірақ, ана ретінде бақыттымын. Ана болғаннан кейін өмірің өзгереді. Өмірің балаларға арналады дейді ғой. Сондықтан менің бақытым - балаларым. Одан кейін қызметім. Сондықтан күрсініп, жылайтын уақытым жоқ», - дейді ҚР Еңбек сіңірген әртісі Роза Қуанышқызы.