$ 442.05  474.14  4.74

Төреғалидың қарындасы «ұзатылды» (ВИДЕО)

Қалың көпшілік Фаризаның ұзату тойы расымен өтті деген болжам жасаған.

Жақында ерлі-зайыпты атанатын Фариза Төреәлі мен спортшы Дархан Нортаев той алдында дайындық жасап алған көрінеді. Бұағн себеп қос ғашықтың әнші Гүлнұр Оразымбетованың жаңа бейнебаянында отау құрған жас жұбайлардың рөлін сомдауы деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желіде Төреғали Төреәлі қарындасының ұзатылған сәтінен суреттер мен видеожазбалар тарап, қызу талқыға түсті.

Қалың көпшілік Фаризаның ұзату тойы расымен өтті деген болжам жасаған. Алайда, бұл кадрлар бейнебаян түсірілімі кезінен екені белгілі болды.

Әнші Гүлнұр Оразымбетова жаңа туындысының клипіне жақын арада отау құрғалы жатқан жұпты басты рөлге шақырған.

Фариза мен Дархан бұл ұсыныстан бас тартпай, керісінше қуана келіскендерін айтты.

Желідегілерге Фаризаның қалыңдық кейпіндегі образы аса қатты ұнап қалса керек. Олар әншінің қарындасына жылы лебізі мен ақ тілегін қарша жаудырған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары