Әнші Ерке Есмахан Қайрас Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбековаға ренішін жеткізді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.
Instagram парақшасында ол, продюсер Гүлзира ханымның өзі жайлы айтқан пікіріне қарымта жауап берген. Мәселен әнші, ютутба қаралымды сатып алмағанын, бәріне адал еңбегімен жетіп келе жатқанын жеткізген.
«Әкем де, анам да продюсер емес...
Өнердің ішінде жүрген жандар болса, олар да жетер жеріне жеткізіп айтар еді!
Олар тек менің жанашырларым!
Қалғаны Алланың маған берген несібесі!
Біреудікін тартып алып жатқаным жоқ, бәрі өз еңбегіммен келіп жатыр.
Бұл заманда көп нәрсені сатып алуға болатын шығар, бірақ өнер адамы халықтың сүйіспеншілігін ешқашан сатып ала алмайды!
Менің шығармашылық жолымның куәсі - халық.
Ютубты мен қалай сатып алам?! Ол сатып алуға болатын дүние болса, менен де ақшасы көп әншілер миллиардтап қаралым жинап отырар еді ғой осы кезге дейін?! Жылағым келіп тұр, шынына келсем...
Сол үшін осыны жазып отырмын!
Мен осы жетістікке жету үшін қаншама өмірдің қиын сынақтарынан өттім. Жарайды!
Бәрін Аллаға тапсырдым!
Әр нәрсенің қайыры бар!
Гүлзира апай, мен сізді бәрібір жақсы көремін және қатты сыйлаймын!
Қайрош досым, бағың еселенсін!
Есіңде шығар, саған әркез айтамын ғой, сен «номер один» әншісің! Ол шындық!
Аман болайық!», - деп жазды әнші желідегі парақшасында.