$ 494.87  520.65  4.91

Димаш «Вечерний ургант» бағдарламасының жүргізушісіне шапан жапты (ФОТО, ВИДЕО)

Ургант қазақстандық әншіден "шынымен Джеки Чанның өзі хабарласып, кездесуге шақырды ма?" деп сұрады.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ресейлік бағдарламаның қонағы болды, деп жазады kzshow_life Instagram-парақшасына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бағдарлама эфирге 31 қазан күні жарыққа шыққан. Димаш студияға композитор Игорь Крутоймен және мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионы Аделина Сотниковамен бірге келді.

Димаш бағдарламаның жүргізушісіне қазақша шапан сыйлады.

"Осы сәтті пайдаланып, бізде сыйлы адамдарға қазақша шапан кигізеді", - деген Димашқа Иван қалжыңдап: "Енді мұндай киім менде және Николас Кейджде ғана бар", - деп жауап берді.

Ургант қазақстандық әншіден "шынымен Джеки Чанның өзі хабарласып, кездесуге шақырды ма?" деп сұрады. Ал Димаш бірнеше мәрте кездесіп үлгергенін жасырмай айтты. "Ол да адам. Джеки өте қарапайым әрі кішіпейіл. Әлемде ең танымал және барлық президенттен де танымал", - деп жауап берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары