04.11.2019, 11:00

Тағы да төсін ашып, подиумға шыққан «депутат» елдің назарын аударды (ВИДЕО)

фото: jasqazaq.kz
Динагүл Тасова сән көрсетілімі барысында үстіне шілтерлі матадан тігілген жейдені  төстартқышсыз киіп өнер көрсетті.

Ел арасына депутат лауазымымен танылған сәнқой, модель Динагүл Тасова сән алаңына тағы да ішкиімсіз, яғни, төсін жалаңаштап шықты. Оның үстіне киген киімінен ар жағындағы қос анары анық көрініп тұрғанын желі қолданушылары ерсі қылыққа балайды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Динагүл Тасова сән көрсетілімі барысында үстіне шілтерлі матадан тігілген жейдені төстартқышсыз киіп өнер көрсетті.

Киім үлгісін көрсеткен видеосын модель әлеуметтік желідегі Instagram-дағы жеке парақшасына жүктеді.

Сән көрсетілімі алаңындағы видеоны көрген желі белсенділері оның бұл әрекетіне шүйлікті. Мәселен, пікір білдірушілердің басым көпшілігі оның бұл қылығы қазақ қызына тән еместігін жарыса жазуда.

«Қазаққа тән емес, анасы дұрыс тәрбие бермеген», «Адамға ақша не істетпейді, бұл кісінің бала-шағасы инстада отырса, қалай болады?», «Дұрыс екен, юбкаңды да шешпедің бе?», «Алладан қорықсаң болар еді», «Дизайнерге осындай киімдер кимеймін деп талап қойсаң, болмай ма?», «Жейдені кимей-ақ қоюың керек еді. Ол бар ма, жоқ па, айырмашылығы жоқ», «Ата-ана, бауырларыңа обал», «Көңіл жетіспеген соң, не істейді басқа?», - деп жазды олар.

Тегтер: сахна модель