$ 443.85  474.3  4.8

Қызылорда облысының жас әншісі Ресейдегі ән байқауында Бас жүлде алды

Мадияр Серік Қазалы ауданына қарасты Жанқожа батыр ауылындағы №94 мектепте оқиды.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Қызылорда облысының Қазалы ауданында тұратын жас әнші Мадияр Серік халықаралық байқаудың жеңімпазы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ол Ресейдің Туапсе қаласында биыл 25-ші мәрте өткізілген «Хрустальная магнолия» фестиваль-конкурсында бақ сынады. Қара теңіздің жағалауындағы балалар шығармашылығына арналған байрақты бәсекеде ән орындаған Мадияр Серік Гран-при жеңіп алды. 

Мадияр Серік Қазалы ауданына қарасты Жанқожа батыр ауылындағы №94 мектепте оқиды. Ол бұған дейін Болгарияда өткен «Star of the world» атты халықаралық байқауда гран-при мен үш алтын медаль иеленген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#байқау #Ресей