Бүгін кино және театр актрисасы, «Құрмет» орденінің иегері Раиса Мұхамедиярова қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
80 жасында өмірден озған Раиса Мұхамедиярованы көзі қарақты көрермен көбіне «Менің атым Қожа» фильміндегі «Майқанова апай» рөлі арқылы жақсы тануы тиіс. Ол 1995-2002 жылдар аралығында Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып қызмет атқарған.
«Ғ. Мүсірепов атындағы театр» демекші, Раиса Мұхамедиярова – сол белгілі драматург, көрнекті жазушы Ғабит Мүсіреповтің сүйікті жары болды. Актриса мен жазушы 8 жылдай отасқан. Гаухар және Гүлнар есімді қыздары бар.