$ 498.34  519.72  4.85

«Алдап-сулап Димашқа жүлде беріп»: айтыскер Димашты «тілге тиек етемін» деп әкесіне жақпай қалды (ВИДЕО)

Жерлеріңнен айырылып шыңғырғанда, шеттеріңнен Димаш боп отырмаңдар!

Айтыскер, ақын Жандарбек Бұлғақов Димаш туралы пікір білдіремін деп Қанат Айтбаевты ренжітіп алған сияқты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жас ақын Жандарбек Бұлғақов айтыс кезінде:

«…(Қытайлардан) Олардан қанша ғасыр сақтанып ек, ал қазір аса қатты жақындау бар.

Алдап-сулап Димашқа жүлде беріп, саясатпен қазаққа татырған бал.

Залымдар ғой, Димашың ән айтқанда, өтірік жылап-сықтап бақырғандар.

Бірте-бірте еліңді басып алса, бармақ шайнап, бас ұрып, ах ұрмаңдар!

Жерлеріңнен айырылып шыңғырғанда, шеттеріңнен Димаш боп отырмаңдар!», – деп жырлады.

Телеарнаның пікірінше, осы шумақтарға Димаштың әкесі Қанат Айтбаев ренжіп қалған көрінеді. Бірақ ақынның өзі Димаштың талантын сынап, ренжіту деген ойым болмады деп ақталуда.

«Димаштың әкесінің маған ренжіп қалғанын білмейді екенмін. Негізі, жағдай былай болған. Астанада айтыс болып, оны Қытайдан келген қандастарымыз ұйымдастырған болатын. Сондықтан сол айтысты тамашалауға келген көрермендердің 70-80 пайызы Қытайдағы қандастарымыз болды. Видеосын көрсеңіз, соған куә боласыз. Ертең мына жерімізден айырылып қалған кезде Димаш секілді біз шыңғырып отырмайық деп айтқан болатынмын. Бұл жерде Димаштың таланты нашар, ол тағысын тағы деген сөз жоқ, олай айтудан Құдай сақтасын!

Менің Димаштың өнеріне деген, қазақ сахнасына әкелген жаңалығына деген ешқандай дауым жоқ. Мен «Дарын» сыйлығын алған кезде, Димаш сол сахнада өнер көрсетіп, тіпті, менің қуанышыма ортақтасқан азамат», – дейді ақын бұл арада бір түсінбестіктің болғанын меңзеп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары