$ 495.2  522.34  4.94

«Жұмыссыз қалған Нұрболханды шақырамыз»: Ләйлә Сұлтанқызы мен әзілкештің дауы немен аяқталды?

Осыған дейін атышулы «Өз ойымның» продюсері Жанкелді Таңатбекұлы мен аутсорсинг компания басшысы Нариман Қойшыбаев  Нұрболхан Шараповтың жазбалары мен видеолары 100% бағдарламадан тыс, Сұлтанқызының жеке басына қарсы айтылғанын дәлелдеген болатын.

Әзілкеш Нұрболхан Шараповтың танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына шабуылы сотқа ұласқан еді. Кезекті сот отырысы кеше, яғни 7 қарашада өтті. Қазірге екі тарап та сотқа байланысты қандай да бір ресми пікір білдірген жоқ. Дегенмен, осы оқиғада айыпталушы деп танылған Нұрболхан Шарапов, Ләйлә Сұлтанқызы мен бағдарламаға қатысты жазған жазбаларын парақшасынан өшіріп тастаған.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының тарапынан жауап берген заңгердің айтуынша, сот процесі біраз уақытқа созылған. Тыңдалым кезінде әзілкеш Шарапов, жазбаларының ешқайсысы ол кісіге қатысты емес екенін айтқан. (Сот процесінде жазылған видеожазбадан):

«Мен Ләйлә Сұлтанқызын ерекше сыйлаймын, құрметтеймін. Әр жазбамды да құрметті Ләйлә Сұлтанқызы деп бастаймын. Мен ол кісіге қатысты ештеңе жазған жоқпын», – дейді.

Осыған дейін атышулы «Өз ойымның» продюсері Жанкелді Таңатбекұлы мен аутсорсинг компания басшысы Нариман Қойшыбаев  Нұрболхан Шараповтың жазбалары мен видеолары 100% бағдарламадан тыс, Сұлтанқызының жеке басына қарсы айтылғанын дәлелдеген болатын. Және бұл шешім сотта да ескерілген.

Жағдайға байланысты бағдарламаны ұсынған компанияның басшысы Нариман Қойшыбаев «Өз ойым» ешқандай да сыртқы күштің әсерінен жабылмағанын ресми мәлімдеді.

«Кейбір кісілердің хабарды біз жапты дегенін оқып, есеңгіреп қалдық. Бағдарлама менің компанияма тиесілі, келісімшарт уақыты жыл басында белгіленеді. Жетінші арнаға да, компанияға да «Неге жабылды?» деген сұрақ бірде-бір тараптан қойылмады. Демеушілер болса, әрі қарай жалғастыруымыз әбден мүмкін. Келіссөздер жүріп жатыр: Сыртымыздан сөйлеп, шешім қабылдап жүргендердікі бос әурешілік», – деп сөзін аяқтады Нариман Қойшыбаев.

«Өз ойым» - толығымен аутсорсинг бағдарлама. Ондағы жүргізушілер де өз еңбекақысына жұмыс істейді.

Ал Ләйлә Сұлтанқызының өзі болса, қорғаушыларына сенімхат беріп, сотқа қатыспайтынын растады.

«Әркімнің сөзіне сене берудің қажеті жоқ. Барлық нәрсенің өз шегі болу керек. Бұдан да басқа өзекті мәселелер бар. Жаңа жобалар дайындаудамыз, арна ашу жоспарда бар», – деп әңгімесін қысқа қайырды ол.

Осыдан бірнеше уақыт бұрын біздің арнаға «Амандаспады», – деп берген сұхбат жайлы сұрағымызға Ләйлә Сұлтанқызы:

«Бірінші амандасқан адамның сауабы жайлы жақсы білемін. Бұл оқиға рас болса, жауап қатпайтын қатыгез емеспін. Жуырда ашылатын арнамызға да жұмыссыз қалған Нұрболханды шақырамыз», – деп ағынан жарылды.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біршама уақыт бұрын «жеке басыма қол сұқты» деген айыппен оннан астам «разоблачение» арнаған Нұрболхан Шараповты Ләйлә Сұлтанқызы сотқа берген еді. Соттың толық нәтижесі қазірге беймәлім.

Дереккөз: shownews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары