$ 498.34  519.72  4.85

Айқын Төлепбергеннің «Air Astana» әуе компаниясына өкпесі қара қазандай

Отандық әуе компаниясына ренішін жеткізген Айқынның жазбасы желі қолданушыларына жақпады. Олар өнер иесінің өзін сөгіп, түрлі пікірлерін жаудырды.
Фото: Shownews.kz
Фото: Shownews.kz

Қазақстандық тасымалдаушы компанияның қызметін сынға алатын әншіні әбігерге түсірген ендігі жағдай, билет бағасы. Күні кеше бизнес класспен Ақтау қаласына ұшып барған өнер иесіне, аталмыш классқа сай қызмет пен жайлы орын ұсынылмаған. Бұл жөнінде ол өзінің instagram парақшасында арнайы пост жариялады, деп жазады Shownews.kz ақпараттық порталы.

«Air Astana бізді тағы да тақырға отырғызды! Билеттерді бизнес-класс ретінде 139 000 теңгеге сатты. Ал, орындықтар мен жайлылық (тамақтанудан басқа) эконом кластыкіндей. (49 000 тг.) Ешкімге ештеңе дәлелдей алмайсың. Бұл лотерея сияқты. Қандай ұшақ бұйырады, сонымен ұшасың. Өйткені әр ұшақта әртүрлі орындықтар бар. Менің ойымша, жайлылықты жасай алмағаны үшін белгілі бір соманы қайтару жүйесін ойластыру керек. Әйтсе де, оларға бәрібір», – деп наразылығын білдірген әнші.

Отандық әуе компаниясына дәл осылай ренішін жеткізген Айқынның бұл  жазбасы желі қолданушыларына жақпады. Олар өнер иесінің өзін сөгіп, сыни пікірлерін жаудырды.

«Cенің мәселеңді маған берсе ғой», «Біздің елдегі шешілмеген ең ауыр проблема осы болса екен деп тілейік!», «Менің айлығым 140 000», «Қиын болған екен. Адамдар автобуспен 48 сағат бойы селкілдеп барады», «Сен-ақ қоймайды екенсің, өсекші әйелдер сияқты әр нәрсені инстаграмға жіберіп. Ұнамай ма, ұшақпен ұшпай-ақ қойсаңшы!», «Қарапайым халықпен бірге ұша берсеңші, 49 000 теңгемен, 139 000 теңгені құртқанша.  Сәйкесінше,  90 000 теңгең қалтаңда қалады», – деп әлеуметтік желідегілер әншіні жерден алып, жерге салған.

Айта кетейік, бұл Айқын мен «Air Astana»  арасындағы алғашқы кикілжің емес. Бұған дейін де, өнер өкілі отандық тасымалдаушыға украиналық әуе компанияларының тәжірибесіне жүгініп, жұмыс жасауға кеңес берген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары