Алагөзованың тұңғышы ұлттық салт-дәстүр кезінде қазақ келіндерінің киіп шығатын киіміне қарсы шықты. Айсәуле Бақытбек Instagram желісінде жаңа отбасына енді ғана қадам аттаған қызға халат пен үй аяқ киімін кигізуге наразылығын білдірді, деп жазады Nur.kz.
"Маған осы екі сұраққа жауап керек. Беташар мен құдалық кезінде келіндерге не үшін міндетті түрде халат пен үй аяқ киімін кигізеді? Оны ойлап тапқан кім өзі? Және адамдар бұл жайтқа қалайша қолдау білдіреді? Түсіне алар емеспін. Не үшін?", - деп өз жанайқайын жеткізді танымал ару.
Желі қолданушылары Айсәуленің бұл сауалына жарыса жауап берген. Көпшілік қазіргі таңда барлығы дерлік мұндай образды таңдамайтынын айтуда. Қыз-келіншектердің көбісі беташарында әдемі көйлек кигенін жазды.
Айта кетейік, атышулы продюсердің қызы да осы жылдың наурыз айында тұрмысқа шығып, келін атанған болатын.