21.11.2019, 12:30

«Әйелдер еңгезердей еркектерден шаршады» - Ерболат Беделхан

фото: Comode.kz
Сұраныс болғаны үшін жігіттер кінәлі емес.

Әнші, хореограф, бұрынғы "Орда" тобының әншісі, Ninety one тобының продюсері Ерболат Беделхан сұхбатында қызықты жайттарды баяндады, деп жазады Stan.kz.

Топ продюсері Динара Сәтжанмен сұхбаты барысында қоластындағы әншілердің көзқарасы мен стилі жайлы айтты.

Журналист "Жігіттер шашын бояй бастаса, олар дәстүрлі көзқараста емес" деген түсінік бар, ал сіздің бұған көзқарасыңыз қалай деген сұрақ қойды. 

Топ әншілерінің "корейлік" емес, "азиаттық" стильде екенін айтқан продюсердің өз жауабы бар.

Фото: Caravan.kz

"Жақында "Мен емес" атты деректі фильм түсірдік. Онда біз жай ғана кейіпкер болдық. Фильмді көптеген сарапшылар талдап, пікірін айтты. Сонда бір сарапшының айтқаны бар. "Әйелдер денелі, еңгезердей  еркектерден шаршады" дейді. Әйелдер қауымы өзін күтетін, күтіміне немқұрайлы қарамайтын жігіттерді қалайтынын айтты. Яғни, бұған сұраныс бар деген сөз. Сұраныс болғаны үшін жігіттер кінәлі емес", - дейді Ерболат Беделхан.