$ 443.85  474.3  4.8

Бүгін Бибігүл Төлегенова өзінің 90 жасқа толуына орай шығармашылық кеш өткізеді

Бағдарламада қазақстандық және шетелдік композиторлардың операларынан ариялар, халық әндері, романстар, оркестрлік шығармалар, хореографиялық нөмірлер болады.
фото: kaztube.kz
фото: kaztube.kz

Опера сахнасының аңызына айналған тұлғасы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Төлегенова 3 желтоқсан күні «Астана Опера» МОБТ сахнасында 90 жылдық мерейтойын атап өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Тамаша лирикалық-колоратуралық сопрано иесі Бибігүл Төлегенованың шәкірттері мен «Астана Операның» солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Салтанат Ахметова, Жәмиля Жарқымбаева, Дина Хамзина, Медет Чотабаев, Мейір Байнеш, Жанат Шыбықбаев, Азамат Жылтыргөзов, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова, Гүлжанат Сапақова, Елена Низамутдинова, Гүлдана Алдадосова, т.б. өнер иелері кештің рухани атмосферасын аша түспек.

Айта кетсек, концерттің шақырылған қонағы – Бибігүл Төлегенова атындағы байқаудың Гран-при иегері (2019 ж.), керемет тенор, дүние жүзі бойынша сұранысқа ие әнші Козимо Оресте (Италия).

«Сүйікті тыңдармандарымның махаббаты – қашан да менің шығармашалығыма берілген үлкен баға. Сондықтан мен олардың алдында орасан зор жауапкершілікті сезінемін және осы концерт мен үшін қымбат тыңдармандарымның алдындағы есебім деп санаймын. Бұл күні менімен бірге сахна төріне көпшілігі биыл онжылдық мерейтойы аталып өткен байқауымның лауреттары «Астана Опера» солистері шығады», – деп әңгімеледі Бибігүл Төлегенова.

Сонымен қатар, концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Гаухар Усина, Әнел Рүстемова, Тайыр Ғатауов, халықаралық байқаулардың лауреаттары Олжас Тарланов, Назир Заетов, Бостан Қожабеков, Сұлтанбек Ғұмар қатысады деп жоспарланған.

Әншілерді «Астана Опера» симфониялық оркестрі, хоры және балеті сүйемелдейді. Дирижерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин, Арман Оразғалиев. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова. Режиссері – Наталья Кагадий.

Бағдарламада қазақстандық және шетелдік композиторлардың операларынан ариялар, халық әндері, романстар, оркестрлік шығармалар, хореографиялық нөмірлер болады.

Бұл шығармашылық кеш әртістердің ұлы әншіге жасаған музыкалық тартуы болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары