30.11.2019, 22:25

Димаш Санкт-Петербуркте өткен концертте индонезиялық фанатымен бірге ән салды (ВИДЕО)

Фото: әншінің instagram парақшасынан
Осыған дейін қазақстандық әнші өзінің жанкүйерімен дайындық кезінен суреттер жариялаған еді.

Димаш Құдайберген 29 қарашада Санкт-Петербуркте өткен концертте индонезиялық фанатымен бірге ән салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Осыған дейін қазақстандық әнші өзінің жанкүйерімен дайындық кезінен суреттер жариялаған еді. 

"Кеше Индонезиядан Римар қарындасым бүгінгі өтетін концертіме арнайы Ресейге ұшып келді. Талантты қарындасымызбен дайындықты өткіздім. Бұйырса бүгін барлық тыңдармандарым Римардың талантына тәнті болады деп ойлаймын. Бүгін оның үлкен стадионда алғаш өнер көрсетуі,сол себепті қолдауларыңызды күтеміз)))" деп жазды Димаш Құдайберген.

Кейін Санкт-Петербурктегі концерттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.