$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда Мәскеудің мәдени күндері өтті

Ең басты оқиға Мәскеу үкіметінің Экономикалық конференциясы, оның алдында Алматы қаласының әкімдігі мен Мәскеу үкіметі 2020-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  қалалар арасындағы серіктестік және бауырмалдық қатынастардың 25 жылдығына орайластырылған  Мәскеудің мәдени күндері өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Алматыда Мәскеудің мәдени күндерінің ресми бағдарламасы 15 қарашада, жұма күні 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар атындағы парктегі Даңқ Мемориалына гүл шоқтарын қоюмен басталды.

Ең басты оқиға Мәскеу үкіметінің Экономикалық конференциясы, оның алдында Алматы қаласының әкімдігі мен Мәскеу үкіметі 2020-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Конференцияда болашақ мегаполистерінің инфрақұрылымдық, сонымен қатар қос қаланың экономикалық, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастығының мәселелері қаралды.

Қазақстанның оңтүстік астанасына мәдени бағдарлама аясында үздік мәскеулік ұжымдар концерттерімен, спектакльдерімен келді, жастар құрамалары арасында бокстан турнир өтіп, қала орталығында екі мегаполистің достығына арналған арт-объект ашылды.

Ал Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Мәскеу мен Алматы арасындағы қарым-қатынастың тарихына арналған сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Мәскеулік делегацияны Мәскеу үкіметінің министрі, сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің басшысы Сергей Черемин бастап келді. Делегацияны Алматы әуежайында қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қарсы алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары