$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда «Ұлттық тақырыптағы Натюрморт» байқауы басталды

Байқауға қатысушылар арасында Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресейден келген студенттер бар.

Мемлекеттік орталық музейінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ұлттық тақырыптағы Натюрморт» атты халықаралық көркем шығармалар байқауы басталды, деп хабарлайды Sn.kz.

«Ұлттық тақырыптағы Натюрморт» көрмесінде Алматы қаласының көркем өнер колледждері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының 100-ден астам шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Көрме түрлі жанрлық бағытты – кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнерді қамтиды.

Әр картинаның композициялық шешімі – өзіндік қолтаңбасы, стилі бар суретшінің бай ішкі рухани әлемін көрсетеді. Акварель және майлы техникадағы тамаша көркем жұмыстар; сәндік-қолданбалы өнер туындылары: матаға сурет салу – суық және ыстық батик, киіз, гобелен, қыш және т.б. Байқауға қатысушылар арасында Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресейден келген студенттер бар.

Аталған көрме оқушылардың көркем шығармашылығын қолдау, сәндік-қолданбалы өнердегі байқауға қатысушылардың кәсіби дағдыларын жетілдіру, отандық және әлемдік тарих пен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын жастар арасында насихаттау, суретшілердің бейнелеу және қолданбалы өнердің түрлі жанрларында және техникаларында орындалған шығармашылық жұмыстарын көрсетуді мақсат еткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары