04.12.2019, 20:12

«Асырап алған шығар»: Меруерт Жазираның жүкті болғанын көрмегенін айтты (ВИДЕО)

Сәбидің есімін ағасы Дара деп қойған екен.

Ерлі-зайыпты Жазира мен Жанболат бұған дейін араға 22 жыл салып, қызды болғандарын жария еткен. Алайда бұл жайт өнер адамдарының ойын сан-саққа жүгіртті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Біз той-томалақта Жазирамен кездесіп тұрамыз. Сәлеміміз түзу. Бірақ Жазираның аяғы ауыр болған жоқ. Аяғы ауыр адамның іші шығып тұрады ғой Аша Матай сияқты. Енді өзім асырап алған шығар деп ойладым", - деді Түсіпбаева Show бағдарламасына берген сұхбатында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Жазира қызымен түскен суретін желіге жариялап, сүйінші хабарды кеш жеткізгенін жазған болатын. Сәбидің есімін ағасы Дара деп қойған екен.