Эстрада жұлдызы Жазира Байырбекова қызды болды, деп жазады Skifnews.kz.
Сүйінші хабарды әншінің сіңлісі, журналист Назира Байырбек өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Осы күнді бәріміз асыға күттік. Әпкем мен жездем жылдар бойы аңсаған арманы болған соң аялап, асықпай жеткізуді жөн көрді. Сонда да сүйікті әншілері сәбилі болып жатқанын сезіп, неше уақыттан бері сұрап, құттықтап жатқан тілекші достарымызға алғысымыз шексіз! Кісі қуанышына қосыла білгенді Құдай қуантады. Ал қатарымызға Дара есімді сұлу, кішкентай балапан қосылғаны құтты болсын! Әр шаңырақ сәби күлкісімен шаттыққа тола берсін!", - деп жазды ол.