$ 443.85  474.3  4.8

Димаш Құдайберген «Виктория» музыкалық сыйлығынан қос жүлдені қанжығасына байлады (ФОТО)

Танымал әнші Димаш Құдайберген «Классикалық музыкадағы жылдың вокалисі» номинациясы бойынша «Виктория» ұлттық музыкалық сыйлығына үміткерлердің бірі болатын.

Ресей, Мәскеу. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» музыкалық сыйлығының «Классикалық музыкадағы жылдың вокалисті» номинациясын «Olimpico» әнімен ұтып алды, деп хабарлайды dimashnews.com сайты. 

Бүгін Мәскеудегі Мемлекеттік Кремль сарайының сахнасында сыйлық жеңімпаздарының есімдері жазылған арнайы конверттер салтанатты жағдайда ашылды. Олардың қатарында қазақстандық эстрада жұлдызы, әлем халықтарының сүйікті әншісі Димаш Құдайберген де бар.


Танымал әнші Димаш Құдайберген «Классикалық музыкадағы жылдың вокалисі» номинациясы бойынша «Виктория» ұлттық музыкалық сыйлығына үміткерлердің бірі болатын. Бұл туралы әнші «Инстаграмдағы» ресми парақшасында жариялаған.

Димаштың бұл номинациядағы қарсыластары да осал емес. Олар – қазіргі опера әншілері Ильдар Абдразаков, Аида Гарифуллина, Хибла Герцмава, Анна Нетребко және Ольга Перетятко. Айта кетерлігі, соңғы бірнеше жылда «Классикалық музыкадағы жылдың вокалисті» атағы ресейлік және австриялық опера жұлдызы Анна Нетребкоға берілген.

Айта кетейік, әр жылдың соңында «Виктория» сыйлығы аясында үздік музыканттар, орындаушылар, композиторлар, ақындар, продюсерлер, музыка сыншылары, журналистер және ірі медиа холдингтердің басшылары таңдалады.

15 санат бойынша жеңімпаздардың есімдері 5 желтоқсан күні Мемлекеттік Кремль сарайында өтетін марапаттау рәсімінде жарияланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары