Полиция осы жылдың қыркүйек айында өз ата-анасының үйінде өлі табылған әнші, "Арнау" дуэтінің бұрынғы мүшесі Жанар Хамитова қатысты "Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бабы бойынша тергеу жұмысын аяқтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі порталдың сұранысына ресми түрде жауап берді. Бүгін ведомство жазбаша түрде қылмыстық істің жабылғанын растады.
Ресми жауапта айтылғандай, іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ҚР ҚІЖК-нің 35-бабы негізінде тоқтатылды. Полиция тергеу органдары қандай жұмыс көлемін атқарғаны туралы хабарлаған жоқ.
Айта кетейік, отандық эстрада жұлдызы Жанар Хамитова қыркүйек айында Қарқаралыдағы ата-анасының үйінен өлі күйінде табылған. Бірнеше жылдан кейін сахнаға қайта оралған әншінің артында екі баласы қалды.
Полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өз-өзіне қол жұмсау" бойынша қылмыстық іс қозғады. Ал Жанардың жақындары әнші өз-өзіне қол салмағанын, үй жинап жүргенде жүрегі тоқтап қалғанын айтты.
Осы жылдың сәуір айында Хамитова ажырасқаннан кейін кезіккен мәселелер туралы баяндап, бірнеше рет өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын жеткізді.