07.12.2019, 20:32

«Бұл сәбиді бүкіл Қазақстан күтті»: Әнші Ділназ Ахмадиева баласының жынысын анықтай алмаған

Фото: stan.kz
Мұның барлығын жасырып жүру қиын болды

Танымал әнші Ділназ Ахмадиева алғаш рет жүктілігі туралы өзі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Гәкку» арнасына сілтеме жасап.

«Көптен бері жүкті болғым келіп жүрді. Мұның барлығын әрі қарай жасырып жүру қиын болды. Оның үстіне мен жасырған жоқпын. Бар болғаны бұл туралы бәріне бірдей айтпадым», - деді ол. 

Сондай-ақ, өзіне қолдау білдергендерге алғыс айтты.

«Барлығына үлкен рахмет. Бұл сәбиді мен ғана емес, бүкіл Қазақстан күткендей», - деп күлді әнші. Сәбиі шамамен көктемде дүниеге келеді. Алайда әнші оның жынысын анықтай алмағанын айтады.