$ 449.3  489.69  4.89

Актриса Жәния Джуринская туған күнін ретро стильде атап өтті (ФОТО)

Күні кеше туған күнін тың форматта ұйымдастырған Жәния Джуринская желідегі жұртты таңғалдырды.
Фото: shownews.kz
Фото: shownews.kz

1990 жылы дүниеге келген актриса Жәния Джуринская 29 жасын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Күні кеше туған күнін тың форматта ұйымдастырған Жәния Джуринская желідегі жұртты таңғалдырды. 1990 жылдың желтоқсанында туылған сылқым 90-шы жылдардағы сауық кештерді еске түсірді.

 «Бұл өмірімдегі ең керемет кеш болды.  90-шы жылдардағы сауық кеш. Келген қонақтар мен сыйлақтарға, ізгі-тілек білдірген жандарға алғысымды білдіремін», – деп жазды Джуринская.

Туған күннің локациясында кілемге мақтамен «Жәния» деп жазылып төрге ілінген. Сол кездегі сәнде болған қызыл, сары түсті шарлар құдды бір 90-шы жылдарда жүргендей сезіндіреді. Ал, кеш қонақтарының образдары  бұйраланған және мықтап төбеге түйілген шаш, түрлі-түсті шұлықтар, бір-екі өлшем үлкен жейде және балағы кең шалбар. Туған күннің «дресс коды» осы. Алайда, Жәнияның өзі бүгінгі заманға сай киінген. Себебі, актриса құрбылары мен достары арасында «пранк» жасауды жөн көрген.

 «Той басталды! Жәния 1990 жылы дүниеге келген және 90-шы  жылдардағы стиль. Ол бізге сол замандағы киім үлгісімен келіңдер деді. Ал, өзі әдемі көйлек киіп, сәнденген. Бізге айтады «бұл пранк» деп. Менің күйеуім басында рэкетир болып киінеді деп ойладым, ол Леонтьевтің кейпінде», – деді актрисаның құрбысы Дана Есеева.

Сауық кештің қызығы мұнымен бітпеді. Бұл кештегі меймандардың қатарында Луина, Сая Оразғалиева сынды құрбылары бар. Туған күн тізгінін өз қолына алған вайнер Мейіржан өтімді әзілдерімен атаулы мерекенінің сәнін келтірген. Тіпті, Төребаев жұрт назарын аудару үшін үстіне киген ерекше образын жалға алған.

Мұндай форматта туған күнін тойлатқан актрисаға желідегілер де жарыса ізгі тілектерін жолдауда.

«Туған күніңмен! Бақытты бол!»,  «Не деген ерекше таңдау, керемет! Өте қызықты өткен сияқты», «Бақытты бол, Жәния!» «Идея өте мықты», – деп Жәнияның оқырмандары жылы лебіздерін жазуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары