Мәдениет & Шоубиз 08.12.2019 сағат 07:30

Модель Ақерке Ысқақ «ұят болады» деген сөз елдің дамуына кедергі келтіретінін айтты

"Miss Asia USA-2019" байқауының жеңімпазы Ақерке Ысқақ бүгінде АҚШ-та өмір сүріп, білім алуда. Студент бола жүре моделдік қызметті де қатар алып жүр.
Модель Ақерке Ысқақ «ұят болады» деген сөз елдің дамуына кедергі келтіретінін айтты
Фото: kaz.nur.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Лос-Анджелестегі сұлулық байқауында жеңіп шыққан Ақерке Ысқақ "қазақтың ұят болады" дегені ешқашан алға бастырмайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

"Miss Asia USA-2019" байқауының жеңімпазы Ақерке Ысқақ бүгінде АҚШ-та өмір сүріп, білім алуда. Студент бола жүре моделдік қызметті де қатар алып жүр. 

Ақерке Ысқақ бала кезінен шетелде өмір сүруді армандапты. Арманына қол жеткізу үшін бойжеткен ақырындап ағылшын тілін үйрене бастайды. Осылайша, сән әлеміне бет бұрған Ақерке модель болуды ұйғарады. Алайда Қазақстанда бұл салада өзін дамыта алмапты. Себебі, Ақеркеге қазақтың ұят болады деген сөзі кедергісін келтіріпті.

"Қазақстанда өзімді жан-жақты көрсетуге, дамытуға мүмкіндік болмады. Өйткені, қазақтың ең мықты сөзі бар. "Ұят", "Ұят болады", "ұят болмасын" деген. "Жұрттан ұят болмасын" дәл осы сөздер менің дамуыма кедергісін келтірді. "Жұрт не дейді?..." деген түсінік мағынасыз мақсатқа жетелейтін сияқты", - дейді Ақерке Ысқақ.   

Лос-Анджелесте сұлулық байқауында Қазақстан атынан шыққан ару барлық қарсыласын басып озып, жеңіске жеткен. "Періштелер қаласын" бағындыру Ақеркеге оңайға соқпаған. 39 қатысушының ішінен суырылып алға шыққан арудың байқауға көп уақыты мен қаржысын жұмсаған.  

"Байқаудан жеңіп шыққаныма қуандым. Бірақ, мен жалпы эмоцияға берілетін адам емеспін. Сондықтан, мен қуанышты жаңалықты әдеттегідей қабылдадым. Дегенмен, байқауға көп дайындалдым. Көп күш жұмсадым", - дейді қазақ қызы. 

Ақерке бұл жетістігімен тоқтап қалмақ емес. Ол Қазақстан атынан тағы бір сұлулық сайысына қатысқалы жатыр. Байқау жақын күндері Майами қаласында өтеді.  

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар