08.12.2019, 23:48

«Жыл әні» жүлдесінде Димаштың марапатталу сәті жарияланды (ВИДЕО)

Жас талант басты жүлделердің бірі - "Жыл әншісі" номинациясын жеңіп алды. Мүсіншені Ресейдің халық әртісі, 70 жастағы Валерий Леонтьев табыстаған.

Димаш Құдайберген «Жыл әні» ресейлік ән фестивалінде өнер көрсетіп, «Жыл әншісі» марапатын алды. Мүсіншені оған Валерий Леонтьев тапсырды. Интернетте қазақстандық әншіні марапаттау сәтіндегі видеосы пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын "Жыл әні" фестивалі 7 желтоқсан күні Ресей астанасындағы «ВТБ-Аренада» өткен. Салтанатты кеште қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де өнер көрсетті.

Жас талант басты жүлделердің бірі - "Жыл әншісі" номинациясын жеңіп алды. Мүсіншені Ресейдің халық әртісі, 70 жастағы Валерий Леонтьев табыстаған.

"Осы рәсімді жасап жатқаныма өзім аса қуаныштымын. Мен сенің даусыңды жақсы көремін. Саған ғажайып болашақ пен әлемді бағындыруыңды тілеймін", - деді әнші.

Димаш өз кезегінде Леонтьевке алғыс айтып: «Аңыз адамның қолынан марапат алған үлкен бақыт», - деді.