$ 494.87  520.65  4.91

«Гармон таблеткаларын іштім»: Айдана Меденова дене бітімін қалай күтетінін айтты

Әншінің айтуынша сол уақытта артық салмақтан арылу үшін көп жұмыс істеген.

Танымал әнші Айдана Меденова жасөспірім кезінде ауырғанына байланысты гормон таблеткаларын қабылдағанын жасырмады. Дәрінің әсерінен артық салмақ қосып алған. Сол кезден баста жейтін тамағына қатты мән беретінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Жұлдызды weekend" бағдарламасына сілтеме жасап.

Әншінің айтуынша сол уақытта артық салмақтан арылу үшін көп жұмыс істеген. Ерік-жігерін дамытып, өз қалауындай дене бітіміне қол жеткізу мақсатында көп еңбектенген екен.  Және соның арқасында бүгінде артық салмақ қосып алған күннің өзінде одан арылу аса қиын емес көрінеді.

Ал жүкті болған әйелдер қалай формаға келеді деген жүргізуші сұрағына әнші өз жауабын берді. 

"Өзінің талпынысы болса, ойында жетістік жетем деген қалауы болса, бәрі мүмкін", - дейді Меденова. Ол жүктілік кезінде 15 келі қосқанын айтты. Сондай-ақ, жүктілік кезінде де асты талғап ішкенін, тек пайдалы тағам тұтынуға тырысқанын да түсіндірді. Дұрыс тамақтану тек әдемілік үшін емес, жалпы денсаулық дұрыс болуы үшін қадағалануы қажет екенін де атап өтті. 

"Аяғым ауыр болған кезде арнайы дәрігердеің бақылауында болдым. Не ішіп, не қоятыным бақылауда болды. салмағымды өлшеп отырды. Сондай-ақ, жеңіл тамақ, пайдалы ас ішуге тырыстым. Бұның барлығы сұлулықты сақтау үшін ғана емес, босану жеңіл болу үшін әрі баланың денсаулығына жақсы әсер ететіндіктен жасалды", - деді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары