Алматыда Словак елінің «Айко мен Страшко» қуыршақ спектаклі қазақ тілінде сахналанды, деп хабарлайды Sn.kz.
Бүгін Алматыда Ресейлік режиссер Давид Бурманның жаңа қойылымы - «Айко мен Страшко» қуыршақ спектаклінің қазақ тіліндегі қойылымының тұсаукесері өтті. Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Жаңа спектакль әлем тілдеріне аударылған атақты қойылым «Аққұтан мен қарақшы» ертегісінің желісімен қойылған екен. Алғаш рет Бурят елінде бүлдіршіндерге тарту етілген бұл қуыршақ спектаклі біздің елімізде екінші рет сахналануда.
Жаңа қойылымның режиссері, әрі продюссері - Ресей елінің өкілі, Халықаралық «КУКART» театр фестивалінің президенті Давид Бурман. Ол кішкентай құтан мен егістікті күзететін қарақшының оқиғасы оң-солын енді танып келе жатқан балалар үшін тәрбиелік мәні зор екенін айтады.
«Айко мен Страшко» қойылымы алғаш рет Бурят елінде орыс, бурят тілінде және монғол тілдерінде қойылған болатын. Екінші рет қазақ тілі мен орыс тілдерінде үйлесім тапқан бұл қойылым Алматыда көрсетілуде.
Туынды арнайы әртістік шеберлікті қажет етеді. Онда махаббат пен адалдық, мейірімділік пен зұлымдық көрініс тауып, жас бүлдіршіндерді жақсы-жаманды ажырата білуге үйретеді», - деді «Айко мен Страшко» қойылымының режиссері Давид Бурман.
«Айко мен Страшко» қойылымының режиссері Давид Бурманның айтуынша, қойылымның тәрбиелік мәні зор. Спектакль жас буынға ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, мейірімділік пен зұлымдықты ажырата білуге тәрбиелеп, біреудің ала жібін аттамауға баулыйды.
Естеріңізге сала кетсек, қойылым алғаш рет орыс, бурят, моңғол тілдерінде қойылған болатын.
«Айко мен Страшко» қойылымының желісі қандай?
Бұл спектакльдің желісі достыққа, адамгершілік қасиеттерді құрметтеуге бағытталған. Басты рольді сомдайтын Айко және Страшко есімді қарақшы. Қанатын жаралап алған Айко есімді құтанды, Страшко есімді қарақшы құтқарып, қысты аман-есен өткізуге көмектеседі. Ал көктем келгенде Айко таңдау жасауы керек. Өз үйіне, достарына қарай ұшып кете ме? Жоқ, жаңадан тапқан досы Страшкомен бірге қала ма? Спектакльдің философиялық мағынасы терең болғандықтан, кішкентай көрермендерге ерекше әсер қалдыратыны анық.