$ 443.85  474.3  4.8

Төреғали Төреәлі ашылмаған сыр, айтылмаған әңгімелерін кітап етіп шығармақ

Мүмкін айтыстағы шумақтарды кіргізермін ішіне.

Төреғали Төреәлі өз өмірі туралы кітап жазуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қызық таймс" бағдарламасына сілтеме жасап.

Әнші халыққа айтары көп екенін алға тартып, кітап жазуды көптен бері армандап жүргенін айтты.

"Кітап жазу ойымда бар. Атын "Төреші" деп қоямын (қалжыңдап күлді). Мен енді осы уақытқа дейін елдің көз алдында өсіп келе жатырмын ғой. Жұрттың бәрі мен туралы барлық нәрседен хабардар. Алайда кейбір сындар, кейбір жағдайлар менің ойымда қалып, көк нүктемен бітіп, жауапсыз қалып жатқан кездер көп қой.  Одан кейін сұхбатқа келген кезде де адамның өзіне де айтқысы келмейтін сырлар да болады. Сол себепті осылардың барлығын біріктірі, бір кітапқа жазып шығарсам деп ойладым. Керек адамдар оқитын шығар, керек емесі өзіме қалады. Мүмкін өзімізден кейін өсіп келе жатқан жастарға оқулық та болып қалады", - деді жұлдыз.

Төреғали Төреәлі өзінің кітабын оқитындардың қарасы көп екенін, оқырмандардың табылатынын да сөз етті.

"Мүмкін айтыстағы шумақтарды кіргізермін ішіне. Дегенмен бұның барлығы сол сахнада 10 жылдық мерекелік кештің аясында кітап, фильм, концерт болсын жұртыма арналған тарту болсын", - деп қосты әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары