Танымал әнші Димаш Құдайберген ертең елордаға АҚШ-тан ұшып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ертең сағат 16.00-де Димаш Құдайберген Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына ұшып келеді.
«10 желтоқсанда (елорда уақытымен 11 желтоқсан таңертең) Нью-Йорктегі Barclays Center-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен АҚШ-тағы Қазақстанның мәдени күндері аясында Димаш Құдайбергеннің Arnau Tour Envoy концерті өтті. Нью-Йорктегі Barclays Center Jay-Z, Бейонсе, Мадонна, Рианна, Пол Маккартни сынды әлемдік жұлдыздар өнер көрсеткен танымал сахна екенін айта кетейік. Димаш Құдайберген аталған кешенде ән кешін өткізген алғашқы қазақстандық әнші», делінген хабарламада.