12.12.2019, 16:15

Екі Димаш Нью-Йоркте кездесті (ВИДЕО)

Димаш Құдайберген полицейден концерттің қалай өткенін сұрады.

«Нью-Йорктегі ең жақсы полиция қызметкері» Димаш Ниязов Димаш Құдайбергенді АҚШ-тағы алғашқы жеке концертімен құттықтау үшін киіну бөлмесіне келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеода екі Димаштың киінетін бөлмесінде кездескені бейнеленген. Ниязов әншіні Нью-Йорктегі концертімен құттықтап, кездескеніне өте қуанышты екенін жеткізді.

«Димашты АҚШ-тағы алғашқы жеке концертімен құттықтаймын! Жарайсың!» - деп жазды Ниязов Инстаграмдағы парақшасында.

Димаш Құдайберген полицейден концерттің қалай өткенін сұрады. Оған Ниязов тек өзінің ғана емес, бүкіл залдың көңілінен шыққанын айтты.

Еске салсақ, 10 желтоқсанда Нью-Йоркте Димаш Құдайбергеннің үлкен концерті болды. Barclays орталық аренасының залы лық толған болатын. Көрермендер әртістің әр нөмірін қуанышпен тамашалады.