12.12.2019, 17:45

«АЛАҚАЙ» деп айта алмаса әдірәм қалсын!»: Ринат Зайытов аяқасты Димашты мақтай жөнелді (ВИДЕО)

фото: 365info.kz
Сын садағын жерге түсіріп, аяқасты әншіні мақтай жөнелген ақынның бұл әрекетіне желі қолданушылары аң-таң.

Кезінде әнші Димаш Құдайбергенді сынаған айтыскер ақын Ринат Зайытов әлемді мойындатқан өнер иесіне деген ой-пікірін өзгерте қалғанға ұқсайды. Себебі, жүрген жерінде айтып қалатын, әр сөзі ел құлағына дереу жететін ақын бұрын-соңды сынап жүрген әншісін жыр жолдарымен жер-көкке көтеріп мақтай жөнелді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Сын садағын жерге түсіріп, аяқасты әншіні мақтай жөнелген ақынның бұл әрекетіне желі қолданушылары аң-таң.

"Осы жазбадан кейін мен жайлы әңгімелер қалай өрбитінін жақсы білемін! Бірақ, әрбір әрекет өзінің шынайы бағасын алу керек! Бұл - менің ұстанымым. Ендеше, Димаш қаптаған қара қытайға жем болады-ау деп айқайлаған ауызымыз, АҚШ-тың төрінен домбыраны көргенде "АЛАҚАЙ" деп айта алмаса әдірәм қалсын! Димаш тарихи ерлік жасады. Бұл - Ақиқат. Жарайсың! Ұзағынан болғай! Даламның сыр шерткендей өткенінен, Жеткізіп "шіркін-айын" "әттеңімен", Домбыраны биікке көтергендер Тарихтың түспеу керек қақ төрінен!!!", - деп жазды Ринат Зайытов инстаграм парақшасында.

Байқасаңыздар, сөзінің астарында бұрынғы айтқан сөзіне өкінгендігі байқалған ақынның бұл жазбасына оқырмандары толассыз пікір білдірді.