13.12.2019, 11:45

«Қазақ актерлары күніне кемінде 500 мың теңге алады» - продюсер (ВИДЕО)

Қысқаша сұрақ-жауап кезінде журналист: «Қазақстандағы мықты актерлардың киноға түскендегі гонорары қанша болуы керек?» - деп сұрады.

Қазақ радиосының «Өнер алаңы» бағдарламасына продюсер, медиаменеджер Алпамыс Шаримов қатысты. Сұхбат барысында ол еліміздегі актерлардың қанша көлемде қаламақы алатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазір Алпамыс Шаримовтың Халықаралық жастар балының бас ұйымдастырушысы, Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет өткен «Елорда жастары сыйлығы – 2019» жобасының ұйымдастырушысы деген әжептәуір атағы бар. Сондықтан болса керек, оны ширатып алу мақсатындағы қысқаша сұрақ-жауап кезінде журналист: «Қазақстандағы мықты актерлардың киноға түскендегі гонорары қанша болуы керек?» - деп сұрады.

«Бір күндік еңбекақысы кемінде 500 мың теңге болуы керек. Солай болып та жүр», - деп жауап берді Алпамыс Шаримов.

Еске сала кетсек, жастар балының елордалық жастарына арналған кастингі 24 қарашада «Жастар» театрында өткен болатын. Оған әртүрлі саладан 18-29 жас аралығындағы мыңға жуық үміткер қатысқан. Қазылар алқасы солардың ішінен 40 жұпты (40 ұл, 40 қыз) лайық деп таныпты. Енді «ONE WORLD – ONE LIFE» жобасы 18 желтоқсан күні «The Ritz Carlton» қонақ үйінде өтеді.