Әнші Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі Алтынай ашық киімі мен сексуалды билері үшін сан рен сынға ұшырайды. Халық болса, жас әртісті талқылап, талағанды қояр емес, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сынға қарамастан, Алтынай сүйікті ісімен айналысуын жалғастырып, хейтерлердің өткір сөздерін елемейді.
«Шынымды айтсам, мен пікірлерді оқымаймын. Егер оқып жатып, теріс сынға тап болсам, бірден өшіремін Артық керегі жоқ ақпаратпен миымды қатырғым келмейді», - деді Алтынай Жолдыбаева ShowNews.kz.-ке берген сұхбатында.
Оның айтуынша, әншінің ата-анасы қыздарының бейнебаян түсіру кезінде де, сахнадағы көрсеткен өнерінде де жасалатын креативке түсінушілікпен қарайды. Туыстары болса, Алтынайдың шығармашылығы мен билерін қолдайды.
«Менің ата-анам – сана-сезімдері жоғары заманауи адамдар. Барлығына байыппен қарайды. Хейтерлер не жазса да, өз еріктері. Маған бәрібір. Дегенмен, соңғы кездері оң пікір білдіріп жатқан жандардың да саны артып келеді», - деді әнші.
Атап өтейік, хейтерлердің сынына Алтынайдың әпкесі Кәмшат Жолдыбаева да жиі ұшырайды. Танымал әншінің бейнебаяндары пікір білдірушілердің жазуынша, ашық киісі мен билері халыққа ұнамай жатады.
Қазір Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалар продюсерсіз жұмыс істейді. Камшат шығармашылығымен белсенді түрде айналысып жатыр. Ал, оның сіңлісі Алтынай әпкесін өзі авторы болып келетін эксклюзивті киімдермен қамтамасыз етіп отыр.
Алтынай Жолдыбаева танымалдылылыққа «Джейран» атты тобында өнер көрсету арқылы ие болған. Ұжым бірге ұзақ болмай, тарқасқан еді. Қазір Алтынай ән жазып, жеке әншілікпен айналыспақ ниетте.