$ 524.65  552.19  5.14

Журналист Саят Медеуовтің үш әйелі барын айтып қойды

Бастапқыда "жердегі жұлдыздардың" екі әйел алуы, отбасылық мәселелер жайлы сұхбаттаса отырып, әнші Мақсат Базарбаевты сөзге тартқан бағдарлама жүргізушісі Саят Медеуовтің үш әйелі барын дүйім жұрттың көзінше жайып салды.
фото: youtube.com
фото: youtube.com

Әнсүйер тыңдармандарына лирикалық әндерімен танылған Саят Медеуовтің отбасылық құпиясын танымал журналист ашып қойды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, "Талантым - тағдырым" бағдарламасына сілтеме жасап.

Өнер иелерінің жетістігі мен өмірі жолынан да сыр шертетін бағдарламаның кезекті шығарылымына қонақ ретінде қатысқан Мақсат Базарбаевпен сұхбат барысында Анно Данченко Саят Медеуовтің жеке басына қатысты тың ақпаратты айтып қалды.

Бастапқыда "жердегі жұлдыздардың" екі әйел алуы, отбасылық мәселелер жайлы сұхбаттаса отырып, әнші Мақсат Базарбаевты сөзге тартқан бағдарлама жүргізушісі Саят Медеуовтің үш әйелі барын дүйім жұрттың көзінше жайып салды.

"Өнерде жүрген бауырларыңыз бар. Сол кісілердің арасында екінші, үшінші отбасым бар деп айтатындары бар, айтпатындары бар. Жария ететіндер де, етпейтіндер де бар ғой. Жасырын түрде. Сіздің өнердегі досыңыз, жерлесіңіз Саят Медеуов ағамыздың, менің білуімше, үш әйелі бар. Олар бір көшеде тату-тәтті тұрады. Ол кісі ашық айтпағанымен, көпшілік біледі. Қажеттіліктен туындаған дүние ме, әлде, мүмкіндігі бар болғаннан кейін сөйтіп жасап жатыр ма, әйтеуір, бір көшеде үш отбасы тұрады. Балалары бір-бірімен араласады екен", - деп мысалдарды келтіре қонағынан сыр тартқысы келген оның сұрағына Мақсат Базарбаев та тосылып қалмады. "Естіген құлақ есебін берер" дегендей, тұщымды жауап берді.

Әнші Саят Медеуовтың үшінші әйелі бар екендігінен хабары жоқтығын айтып, тек екінші әйелінің барынан құлағдар екенін мәлім етті. Сондай-ақ, ол әріптесі Саяттың көп нәрсені ашып айта бермейтінін жеткізді.

"Екінші жеңгеміз жақында ғана ұлды болды. Бірақ, ол кісі сіз айтқандай ақшасы көптігінен емес, ұл қажет болған соң осылай жасады деп ойлаймын. Бірінші әйелінен қыз балалары бар", -  деп әріптесінің жақында балалы болғанын да айтып қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары