20.12.2019, 12:15

Композитор Батырхан Шүкенов мұраларының күлі көкке ұшты

фото: zhasorken.kz
Қызыл жалынның кесірінен коттеждегі тұрмыстық заттар мен жиһаздар, құжаттар, музыкалық аспаптар мен мұрағаттардың да түгі қалмаған.

Музыка әлемінде атын қалдырған композитор Батырхан Шөкеновтың мұралары өртеніп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  "Информбюро" бағдарламасының дереккөзіне сілтеме жасап.

Атақты әнші-композитордың мұралары Батырхан Шөкенов атындағы қор директоры Олжас Байкановтың үйінде болған өрт кезінде жойылып кетті. Коттедж ғимаратында сақталып тұрған заттардың барлығының күлі көкке ұшқан. Оған қоса, өрт салдарынан Олжас Байкановтың тыныс жолдарын күйік шалды. Бір қуанарлығы, зардап шегушінің әйелі мен жиені және екі кішкентай баласына зақым келмеген.

Қызыл жалынның кесірінен коттеждегі тұрмыстық заттар мен жиһаздар, құжаттар, музыкалық аспаптар мен мұрағаттардың да түгі қалмаған. Тіпті, Батырхан Шүкеновтың арнайы дискіге жазылып сақталған аудио-жазбалары іс-түзсіз жоғалып кетті.

Фото: скриншот

Енді Олжас Байкановтың бар үміті композитордың туыстарында. Батырханның даусы соларда сақталған шығар деген үмітте.

Қазір зардап шеккен отбасы туыстарының үйін паналауда.

"Батырханның әндері, суреттері, аудио-видео жазбалары жазылған арнайы хард-дискі бар еді. Өкінішке қарай, сол өртеніп кетті", - дейді Байканов. 

Өрттің шығу себептері тексеріліп, анықталып жатыр. Олжас Байкановтың отбасына қайырымды жандар көмек көрсетті.