$ 494.87  520.65  4.91

«15 мың доллар»: Жаңа жылда қазақстандық той әншілері «құндарын арттырып» алды (ВИДЕО)

Оларға, әсіресе, жаңа жылға орайластырылған той-томалақ үшін сұраныс екі есе артатын көрінеді.

Биылғы жаңа жыл қарсаңында қазақстандық той әншілері қаламақыларын «аспандатып» жіберді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, Shownews.kz-тің сауалнамасын негізге ала отырып.

Атап айтқанда, «фонограммамен ауыз жыбырлатып қайтуға» Қайрат Нұртас – 15 мың доллар, Төреғали Төреәлі – 9 мың доллар, Ерке Есмахан – 7 мың доллар сұраған.

Оларға, әсіресе, жаңа жылға орайластырылған той-томалақ үшін сұраныс екі есе артатын көрінеді.

«Гонорар өсуінің де бір себебі бар ғой. Өйткені, жаңа жылда көп ұсыныс болады. Сол тапсырыстарды азайту үшін әншілер қаламақысын көтереді. Мен де өсірдім. 100 пайызға болмаса да, кішігірім көтердім», – дейді Арман Қоңырбаев.

Сауалнаманың толық нұсқасы видеода.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары