$ 448.56  478.03  4.79

«Мидың қатерлі ісігіне шалдыққан» актриса көпшілікке алғыс айтты

Актрисаның көршілері оның толып кеткенін және басына орамал тағып алғанын айтқан.
фото: utro.ru
фото: utro.ru

 Телесериалдардарда қызықты образдар арқылы танымал болған ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк Жаңа жыл қарсаңында өзін қолдаған барша тілеулестеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жаңа жылда Анастасия және мен отбасымыздың атынан бәріңізге мейірім, денсаулық және береке тілейміз! Келген жыл бақытқа толы болып, арман-тілектеріңіз орындалсын! Настя бәріңізге сәлем жолдап, дұға-тілектеріңіз, мейірімдеріңіз үшін алғыс айтады! Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға  бар жақсылықты тілейміз! Баршаңызға рахмет», - деп жазды актриса instagram парақшасында.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Анастасия Заворотнюктің мидың қатерлі ісігіне шалдыққаны туралы қауесет тараған еді. Актрисаның көршілері оның толып кеткенін және басына орамал тағып алғанын айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары