$ 514.65  544.6  5.17

«Қартаны күнде жесең әлем боқ сасиды»: өңешін жырта «айқайлайтын» әншілер жайлы

"Үш күннен соң көрге де үйренесің" деген, бұ күнде бетті - без басып, етті өлтіріп алғанбыз, сондықтан да ғой Тұрсынбекті айтсаң, бір қора "адвокаты" өре түрегеп қанден иттей шәуілдеп етегіңе жармасып кетеді. Оны ешкім жаман деп отырған жоқ, ол сарқылды, тоқырады, жирендіріп, жалықтыра бастады.
фото: garmoniya-centre.ru
фото: garmoniya-centre.ru

Жаңажылдық мерекелік демалыс күндері халық әдеттегідей телеарналардан отандық әншілердің қатысумен өткен концерттерге бір рет болсын көз жүгіртіп, құлақ түретіні белгілі. Осындай сәттердің бірінде "өңешін жыртып" айқайға басқан әншілердің ән айтуынан жиіркеніп кетті ме (жазбасының астарынан түсінгеніміз), әйтеуір, желі белсендісі Айгүл Болатханқызы "Фонограмщик" әншілерге сын садағын нұсқап, олардың әрекеттеріне деген көзқарасын көлемді жазбасы арқылы білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Оқшау ойының" әлқиссасын фонограммамен ән айтатындарды сынаудан бастаған ол, сахнада ән айтып болған соң, тұрып алып сөйлейтіндері үшін ұялатынын жеткізген, ол Тұрсынбек секілді әзілкеш туралы айтсаң, халықтың өретүрегелетінін жеткізген.

"Сәлем, "Нұрсұлтан" ("Нұр-Сұлтан")!" - деп өңешін жыртты "әншілер". Фонограмщик-орындаушылар ғой көбі. 4-5 күн армансыз "айғайлады" енді. Өз басым әншілер сахнаға шыққанда әйелі - иіліп, еркегі тәжім етіп алдымен көрерменімен амандасып, сосын әнін айтып, кетіп қалса, сөйлемесе екен деп отырам. Жоооқ, сөйлейді ғой, сөйлеп тұрып алады))). "Ұяттың ең үлкені - біреу үшін ұялу" дегенді жақсы түсінесің кейде олар сөйлегенде... Дәстүрлі әншілердің бір ерекшелігі - олар келсін-келмесін санын сабалап, алақан соғып шапалақтап "Нұрсұлтанмен" "амандаса" бермейді.

Неғып екенін олардың әуелетіп ән салғанын да, арасында көсіліп сөйлеп жібергенін де қалап тұрасың. Өйткені оларда тіл бар, сөздік қор бар, айтар әңгіме бар. Ойбуй, қайда кетіп қалдым, ол - басқа әңгіме. Сөз сәлем жайлы еді ғой... "Сәлем, "Нұрсұлтан"! Екпіндеп айтсаң түк емес пе, әлде құлақ үйренді ме... "Үш күннен соң көрге де үйренесің" деген, бұ күнде бетті - без басып, етті өлтіріп алғанбыз, сондықтан да ғой Тұрсынбекті айтсаң, бір қора "адвокаты" өре түрегеп қанден иттей шәуілдеп етегіңе жармасып кетеді. Оны ешкім жаман деп отырған жоқ, ол сарқылды, тоқырады, жирендіріп, жалықтыра бастады. "Қартаны күнде жесең әлем боқ сасиды"... Не көп қазақта - аллергия, мұрыны боқтың иісін сезбейді, не қартаны жемейді, жағдай жоқ, менсінбеуі де мүмкін...

Айтпақшы, сәлемге келейік. Сәлем жақсы ғой. Десе де, бұ күнде қалалы жерде мауыққан мысық, құтырған ит, жертөлелерді мекендейтін кеміргіш егеуқұйрық көп. Қаладағы "кәсіптің" бірі - жезөкшелік дейді кейбіреулер әлдеқандай қып... Сонда деймін де әлгі әншілер "Нұрсұлтанның" иттері (мысықтары, егеуқұйрықтары, жезөкшелері, итд) дей сала ма ауыздары жып етіп. Біртүрлі естіледі, ә...

Әңгіме адам туралы болмаған соң тырнақшаға алғың келеді, бірақ қала аты тырнақшаға алып жазылмайды... Ширек ғасырдан бері (аса) корректормын. Құдай-ай десеңші", - деп жазды тәжірибелі корректор Айгүл Болатханқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары