$ 494.87  520.65  4.91

«Тірі адамға біртүрлі екен»: тараздықтар Бүркіттің құрметіне ескерткіш орнатты (ВИДЕО)

Теріс пікір білдіргендерге әнші жауап қайтарып та үлгерді.

"Бүркіт" лақап атымен танымал Айбекке жерлестері мәрмәр тасқа қашалып есімі жазылған ескерткіш орнатып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желідегі парақшасында Тараз қаласына алғысын жеткізіп, видео түсірген ол көпшіліктің сынына ілікті. Жамбыл облысындағы мәдениет сарайы алдында ашылған «Әуендер әлемі» аллеясында Бүркітке арналып ескерткіш орнатылды. 

«Тірі адамға тастан ескерткіш орнатқан біртүрлі екен», «Мен осы түсінбеймін. Қандай еңбек жасады Таразға? Нені қатырды? Бір үлкен жұмыс бітіргендей ескерткіш қойыпты», – деп шуласты желі қолданушылар.

Теріс пікір білдіргендерге әнші жауап қайтарып та үлгерді. 

«Туған жер туралы ән шығарып, халыққа жігер беретініміз үшін түсінсеңіз!» – деді Бүркіт.

Қарапайым халық ішінен өнер иесін шын жүректен құттықтағандар да кездеседі.

«Біздің мақтанышымыз! Аман болыңыздар! Бауырым, сен лайықсың, құттықтаймын!», – деді Бүркіттің тыңдармандары.

Бұл жаңалықтан Бүркіттің өнердегі әріптестері де хабардар. Ізгі-тілектерін жолдап, әншіні құттықтады.

«Құтты болсын!» – деді Мақпал Жүнісова және Абай Бегей ғаламтор желісінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары