$ 447.4  477.55  4.76

Джеки Чан Димаштың отбасына чемодан толы сыйлықтар жіберген (ВИДЕО)

Әншінің ойынша, Джеки Чан, Димаштың өзге әріптестеріне ұқсамайды екен.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Қазақ өнерін әлем сахналарында танытып жүрген әнші Димаш Құдайберген, актер Джеки Чанның жаңа альбомының тұсаукесеріне қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әйгілі актердің адамгершілік қасиеттерін айта келіп, мақтауын асырған Димаш оның ерекше тұлға екендігін  айтты. Әншінің ойынша, Джеки Чан актер Димаштың өзге әріптестеріне ұқсамайды екен.

"Джеки Чанның жаңа альбомының тұсаукесерінде қонақтамын. Біздің әр кездесуіміз, сыйлықтар алмасумен аяқталады. Алайда ол кісі мені отбасымның әр мүшесіне арнап үлкен чемодан толы сыйлықтар беріп жіберу арқылы жеңіп кетті. Таңғажайып адам. Ол кісімен сұхбаттасқанда керемет әсер аламын. Ол кісі басқа әртістерден тым бөлек, дара тұлға. Рухани тұрғыда бай адам. Біз бір-бірімізбен қолтаңбалар алмастық", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

2019 жылдың соңында Internet Bull Ears Awards 2019 нұсқасы бойынша Димаш Қытайдағы ең танымал шетелдік әнші деп танылған болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары