Мәдениет & Шоубиз 09.01.2020 сағат 11:00

«Нанымды тартып жеп жатыр...»: Дариға Бадықова дипломы жоқ КВН түлектерін сынға алды (ВИДЕО)

«Ой қазір енді КВН жұлдыздары бәрін жаулап жатыр ғой. Сценарий де жаза береді, театр да ашып жатыр. Ал мен өз тарапымнан өз жұмысымды жасап жатырмын», – деді Саттар.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

КВН-нен түлеп ұшқан азулы кинопродюсер Қоянбаевпен жиі шығармашылық тандем құратын актриса Дариға Бадықова жайдарман жұлдыздарына өз бағасын берді, деп хабарлайды Shownews.kz.

КВН түлектері мен арнайы білімі бар актерлар арасындағы тартысты айқасқа нүкте қойылар түрі жоқ. Бір салада жүрсе де кәсіби мамандар мен әуесқой әртістер болып жік-жікке бөлінген өнерпаздардың басы бір қазанға сыймай келеді. Жылдар бойы өрбіген дау азулы кинопродюсер Қоянбаевтың да құлағына жеткен.

«Көбісі айтады ғой бізді өнер академиясын бітірмеген немесе журналистиканы бітірмеген деп. Енді ондай университеттерді бітірмесек те, жиырма жылдық тәжірибеміз бар. Төрт жылдық университеттегі дипломнан аз емес деп ойлаймын. Сахнадан бәрін өттік. Сондықтан да, мен айтайын біз комедия түсіруге құқылымыз. Егерде басқа әншілер комедия түсіріп жатса сол кісілерден сұраған дұрыс шығар енді», – дейді Қоянбаев.

Ал Қоянбаевпен жиі шығармашылық тандем құратын актриса Дариға кино саласына кәсіби мамандардың керектігін айтады. Себебі, Бадықоваға түсірілім барысында әуесқой актерлармен сахналық серіктес болу қиындық тудырады екен.

«Нанымды тартып жеп жатыр деп ренжімеймін. Бірақ, қай салада болсын білім болғаны жақсы. Білімді адам жұмыс істесе көрініп тұрады. Одан кейін, білімді адаммен әріптес болсаң, олда басқаша жұмыс болады. Білімсіздер десек енді ренжуі мүмкін. Бірақ, жаңағы кәсіби деңгейі дейміз бе, дипломы жоқ болса кішкене енді қиын болады», – деді Дариға Бадықова.

Саттар Ерубаев та әріптесін қос қолдап құптайды. Себебі, қит етсе әзілкештермен сөз таластыратын актер, шоу-бизнесті жаппай жаулаған квн жұлдыздарының әрекеті қытығына тиіп жүргенін жасырмайды.

«Ой қазір енді КВН жұлдыздары бәрін жаулап жатыр ғой. Сценарий де жаза береді, театр да ашып жатыр. Ал мен өз тарапымнан өз жұмысымды жасап жатырмын», – деді Саттар.

Ал, «Бизнес по казахски» фильмінің тұрақты актері Байжанбаев үшін кәсіби маман мен әуесқойлардың дәрежесі тең. Жан мырзаның пікірінше, отандық комедиялардың дамуына жайдарманшылардың қосқан үлесі зор.

«Негізінде адамды жылатудан қарағанда күлдіру қиын. Бірақ, бізде Қазақстанда комедия саласы жақсы дамыған. Оған КВН өкілдері өз үлестерін қосып жатыр», – деді Жан Байжанбаев.

Айтпақшы, ғаламтор желісінде танымалдылыққа ие болған Сека да квн сахнасынан шыққан. Қазіргі таңда Серғазы отандық фильмдерде де бой көрсетіп жүр. Танымал вайнердің айтуынша, өнер академиясындағы төрт жылдық білімнен көңілді тапқырлар клубындағы тәжірибенің салмағы басымдау.

«КВН мектеп сияқты ғой. Бәрін үйретеді. Мысалы, әзілді қалай жазу керек, оны қалай ойнау керек, сахнада қалай тұру керек екенін. Жайдарманшылар камера алдында өздерін қалай көрсету керек екенін біледі», – деді Серғазы.

Қос тараптың илегені бір терінің пұшпағы. Бірақ, өнерге деген құрмет ортаймаса болғаны.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар