$ 494.87  520.65  4.91

«Түрі быт-шыт»: атақты әнші қауіпті ауруға шалдықты

Дұрыс емделмеген жағдайда науқас қайтыс болады немесе мүгедек болып қалуы мүмкін.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Джастин Бибер өміріне қауіпті ауруға шалдықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды. 

"Көптеген адам Джастин Бибердің түрі быт-шыт болғанын, метамфетаминге "отырып" қалғаны туралы айтты. Бірақ ол адамдар менде Лайма ауруы барын білмейді. Одан басқа созылмалы мононуклеоз өз әсерін беріп, менің терімнен көріне бастады, ми жұмысына, қуатыма және жалпы денсаулығыма қатты әсер етті", - деп жазды әнші. 

 Оның айтуынша, емдеу шаралары "екі ауыр жылға" созылған, алайда ол қазір сауығып келеді және қайтадан ән айта алады.

Лайма ауруы - кене шағудан таралатын жұқпалы ауру. Симптомдары тұмауға ұқсас: науқастың ыстығы көтеріледі, бас ауырады, шаршай береді және терісі бөртеді. Дұрыс емделмеген жағдайда науқас қайтыс болады немесе мүгедек болып қалуы мүмкін. 

Джастин Бибер - канадалық әнші, әндердің авторы, музыкант, актер. What Do You Mean, Love Yourself, Let Me Love You (бірлесіп DJ Snake), 2U (бірлесіп Дэвид Геттой), Pray, You got it bad, One time, One less lonely girl және басқа да әндерімен танымал болған. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары