Төреғалидің «келіншегі», танымал актриса Мәдина Оспанова Төлеуғазы деген қазақ жігітіне ұзатылды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мадина Оспанның ұзату тойын «Oybay show» жобасы бастан-аяқ түсіріп шықты. Ұзатуы,сырға салуы Мерке ауданында, яғни актрисаның туған жерінде өтті. Мәдинаға алдымен қайын енесі италиялық брендтен бриллиант сырға салды. Тойға 426 қонақ қатысты.
Тележүргізуші бағдарлама барысында актрисаның ата-анасынан сұхбат алуды жөн көрген. Олар күйеу баланың кім екені, қандай екені турасында сұраққа жауап берді.
«Тойға бір ай дайындалдық. Біз қалың малдан бұрын жақсы отбасыға тапсырып жатқаныма қуаныштымын», - деді анасы.
«Қызымды тапсыра аламын. Сабырлы, оқыған, білімді азамат екен», - деп қысқа қайырды әкесі.
Журналистің «қызыңыздың қай образы қатты жақын болды?» деген сұрағына әкесі:
«Ұлы дала комедиясында өзін жақсы алып шықты. Болашақ ана рөлін. Бойында көтерген баласы бар. Төрештің келіншегі болу деген оңай емес. Жақсы ойнап шықты. Қызым барлық жағынан ұнайды маған», - деп ағынан жарылды.
Той соңында, әдеттегідей, қазақтың Мәдинасы өз ұясынан қимастықпен аттанды.
Естеріңізге сала кетейік, «Ұлы дала баласы» комедиясында басты рөлдердің бірін сомдаған Мадина Оспанованың тұрмысқа шыққалы жатқанын жариялаған болатынбыз.