$ 494.87  520.65  4.91

Төреғалидің тоқалы деп аты шыққан бойжеткен тұрмысқа шықты

Жас актриса Мадина Оспанова келін атануға дайындалып жатыр. Қуанышты жаңалықты алғашқылардың бірі болып өзі бөлісті.

«Ұлы дала баласы» комедиясында басты рөлдердің бірін сомдаған Мадина Оспанова тұрмысқа шыққалы жатыр. Кей көрермен оны «Төреғалидің тоқалы» деп ойлаған-ды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жас актриса Мадина Оспанова келін атануға дайындалып жатыр. Қуанышты жаңалықты алғашқылардың бірі болып өзі бөлісті. 

Әлеуметтік желідегі парақшасында қызойнақ кезінде түскен суретін жариялап, көп ұзамай некелесетінін жазды. 

Бұл хабарды естіген әлеуметтік желі қолданушылары ерекше қуанышты екенін жарыса айтуда. Олар екі жасқа ақ тілегін жаудырып, махаббатырының баянды болуын тіледі. 

«Аяз атау, енді менде жеке аяз ата болады бүкіл қалауымды орындайтын. Хат жазып әлек болмаймын. Кешкісін дыз дегізем болды ғой. Ұмытып бара жатса Whats App», - деп актриса өміріндегі өзгерістерден кейін ерекше бақытқа бөленіп жүргенін байқатты. 

Естеріңізге сала кетсек, отандық бағдарламалардың бірінде Мадина Оспан өзін көпшіліктің Төреғалидың отбасын бұзды деп ойлап, ауыр сөздер жазатынын айтқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары