$ 524.65  552.19  5.14

Аша Матай мен Арман Қоңыр екінші мәрте ата-ана атанды

Желі қолданушылары, Арман мен Ашаның тыңдармандары, өнердегі аға-әпкелері олардың қуанышына ортақтасып, ақжарма тілектерін жаудыруда.

Аша Матай мен Арман Қоңыр екінші мәрте ата-ана атанды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аша өзінің екінші рет ана атанғаны туралы Instagram-парақшасында жазып, сүйінші сұрады.

"Сүйінші!!! Алланың қалауымен қазақ еліне + тағы бір қазақ аруы.
Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше күн. Арман екеуіміз тағы да ата-ана атанды. Құдайға шүкір. Барлық жас жұбайларға жұғысты болсын. Құттықтауларыңызға алдын-ала алғысымды білдіремін", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары, Арман мен Ашаның тыңдармандары, өнердегі аға-әпкелері олардың қуанышына ортақтасып, ақжарма тілектерін жаудыруда.

"Ашажан, құттықтаймыз! Өте қуаныштымыз, өмірлеріңнің осындай тәтті сәттері көп болсын", деп жазды Баян Нұрмышева. 

"Машалла, құттықтаймыз", - деді Қарақат Әбілдина. 

"Ураа. Бауы берік болсыыыын", - деді Альбина Шардарова. 

"Керемет. Періштелеріңнің бауы берік болсын", - деді Айдай Исаева. 

"Құтықтаймыыыыыыын!", - дейді Жазира Байырбекова. 

Аша өмірге қыз алып келді. Сәби осы отбасының екінші қызы. Тұңғыш қызының есімі - Асылым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары