$ 443.85  474.3  4.8

«Міндетті түрде тоңазытқышта сыра, шарап тұруы керек» - Есқалиеваның болашақ келініне қояр талабы

Бүгінде Есқалиеваның ұлы 33-тен асқан.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

ҚР Халық әртісі Нағима Есқалиева жалғыз ұлы Диас Аблаевтың шаңырақ көтеруін асыға күтіп жүр. Бірақ, баласының отбасын құруға неге құлықты емес екенін ол Shownews.kz-ке берген сұхбатында ашып айтты.

Басы бос бикештерге іздеу салған ененің келіндерге қояр талабы да дайын.

«Ең бастысы, жақсы адам болуы керек. Әрқашан таңертен міндетті түрде сыра, тоңазытқышта шарап тұруы керек. Сосын, ана деп мені алақанында ұстауы тиіс. Осындай келін керек. Ененің қасынан әрдайым табыла білуі керек, болды», - деді Нағима Есқалиева.

Диас Аблаев отандық шоу-бизнестегі сүрбойдақтар санатында. Бүгінде Есқалиеваның ұлы 33-тен асқан. Бірақ, осы уақыт аралығында бірде-бір рет жеке өмірі жайлы тіс жарып, сүйіктісі бар-жоғын жұртқа жария етпеген. Тіпті, анасына да болашақ қалыңдығы туралы сырын ашып айтпапты.

«Мен әлі сүйгенімді кездестірмедім. Шын ғашық болған кезде шаңырақ көтеремін. Әзірге жүріп, қыдырып аламын. Сосын отбасын құрып, бақытты өмір сүруді қалаймын», – дейді Диас Аблаев.

Есқалиева бұрындары үйлену тақырыбын жиі талқыламайтын. Ал қазір ай сайын ұлының есіне салып, тезірек келін әкелуін талап етеді екен. Себебі, өнердегі әріптестері сияқты Нағима да немере сүйіп, әже атануды аңсап жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары